Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жөнінде мектепте ата-аналар мен мектеп ұшымына ашық жиналыс өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі»КММ қызметінің негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарауға және оларды заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрауы бойынша мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы хабардар ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес сондай-ақ "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебімен 2024 жылы қызметтердің 11 түрі көрсетілді, оның ішінде:
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-20
- "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"-2
- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"-31
- "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру" -143
- "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" -2
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау - 27
- Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру - 23
Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-251, ақылы негізде-жоқ.
Статистика көрсетіп отырғандай, "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру" ең көп сұранысқа ие қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мектеп ғимаратында электрондық үкіметтің веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әзірленді және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бар стендтер, анықтамалық телефон нөмірлері, өтініш үлгілері, ақпараттық экран, бейнебақылау камерасы, күтуге ыңғайлы креслолар, суға арналған диспенсер, балалар бұрышы көзделген. 2024 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1389 қызмет көрсетілді, 2023 жылмен салыстырғанда 66 қызмет көп.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алған кезде мектеп ғимаратында жағдай жасалған. Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, пандус, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті бұзылған келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль шрифті). Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы 10 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: аудандық "Ауыл тынысы" газетінде 1 мақала, әлеуметтік желілерде 4 мақала, мектептің ресми сайтында 4 мақала, 2 бейнеролик, 2 мақала жарияланды – "egovMobile" мобильдік қосымшасын түсіндіру бойынша презентациялар, "Ашық есік күні" 2 акциясы, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есепті 1 жария талқылау, тұрғындар арасында дөңгелек үстел – 3.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары