ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Абая" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Ақтоғай а.
+7 (718) 412 14 93
abaya@aktogay.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Абая" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Басшы білім беру ұйымы туралы мәліметтер

«Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Психолог жұмысы

2023 жылдың 07-09 ақпан аралығында өткізілетін ресурстық орталықтың (ТМ) оқу сессиясы басталды. Ресурстық орталықта бес магниттік мектептердің 9,10,11 сынып оқушыларына арналған жоспар бойынша мектеп психологінің ұйымдастыруымен "Мейірімділік" тақырыбында тренинг сабағы өткізілді.

Қаңтар айында Мектеп түлектеріне алдағы емтихан уақытында, ҰБТ кезінде және жалпы өмірде кездесетін келеңсіз қиындықтар жағдай кезіндегі өз қорқынышын жеңу мақсатында "өз қорқынышыңды қалай жеңуге болады? " тақырыбында пайдалы кеңес беру жұмысы өткізілді

 

7 сынып оқушыларына кинезеологиялық жаттығулар ұсынылды. Кинезеологиялық жаттығулар арқылы баланың қозғалыс дағдысын дамыту және өмірге деген белсенділігін арттыру.

 

"ҚАТЫГЕЗДІК пен ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" және "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" республикалық құқықтық ақпараттық науқан кезінде ата-аналарға арналған ЗУМ арқылы онлайн жиналыс-семинар өтті.

 

Мектеп инспекторының қатысуымен балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекетінің профилактикасы бойынша мектеп әкімшілігімен кеңес ұйымдастырылды

9 сынып оқушыларымен "Мамандықты қалай таңдау керек?" тақырыбында кеңес беру сағаты өткізілді.

 

МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады.

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру. Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылады:

1) «Отбасы-орта мектеп»,

2) «Оқуға құштар мектеп»,

3) «Еңбек – елдің мұраты»,

4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»,

5) «Қоғамға қызмет»,

6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру».

Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады.

 

Мектептегі тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жүзеге асады:

 

Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы: 

Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру. 

 

Мақсаты:

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың санасын рухани жаңғыртып, Абайдың «толық адам» бейнесін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

Жаңа қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның

қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсібиқалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Тәрбие жұмысының басты мақсатына жетуге келесі негізгі басымдылықтарды бағыттаймыз:

Оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту;

Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін жандандыру;

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

Оқушылардың адами құндылық және құқықтық тәрбиесі;

Клуб және үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың рухани танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

 

 Нәтижесінде:

 Жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам тәрбиелеу.

© 2024. Все права защищены.